Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

ДСҰ: Қазақстандық дипломаттар жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтудың болуына қол жеткізді

Қазақстандық дипломаттар жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтудың болуына қол жеткізді, бұл талап мұқият сақталуы керек, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.
Астана қаласы25 Маусым , 09:42

«Біздің келіссөздерді жүргізушілерімізге жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтудың болуына қол жеткізілді. Шетелдіктер біздің қызметтер мен тауарларды сатып алатын кезде, онда міндетті түрде қазақстандың қамтудың болуы қажет. Мұндай талап қатаң сақталуы керек. Біз өзіміздің нарығымызды қорғап қалғымыз келеді. Біз ДСҰ туралы айтқанда оның бірінші кезекте мемлекеттер мен компаниялар арасындағы бәсекелестікке қатысты екендігін білуіміз керек»,-деді Т.Өмірзақов.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру келіссөздері кезінде тауарлардың нарыққа деген қолжетімділігі, ауыл шаруашылығы мәселелері, заңнамалық келіссөздер, қызмет нарығына қолжетімділік сияқты негізгі 4 бағыт талқыланды.  

«Біз өзіміздің заңнамаларымызды халықаралық ережелерге сәйкестендіруіміз керек. Мысалы төлемдердің валюталық алмасу жүйесі, валюталық реттеу заңы, магистральды-жол желісі тарифтері, акциздік салық ставкаларын бірдейлендіру, импортты лицензиялау, кедендік құнға қатысты дә мәселелер туындайды. Бізге өзіміздің заңнаманы халықаралық деңгейге жеткізу керек, бұл өте маңызды»,-деді депутат.   

Сарапшының айтуынша, ДСҰ аясында Қазақстан нарығында әлемдік деңгейдегі сапалы өнімдер төмен бағамен сатылады.   

«Қазақстандық тауар да әлемдік деңгейде болуы керек. Меніңше, біздің әлемдік деңгейдегі талаптарға талпынуымыз дұрыс. Бұл біздің кәсіпкерлеріміздің сапалы өнім шығаратын мықты құрылғыларды алуға деген ұмтылысын туындатады. Егер қазақстандық кәсіпкерлер әлемдік стандарттарға ұмтылмайтын болса, олар кірістерін жоғалтады, алайда бұл біздің кәсіпкерлерімізді әлпештеп жүріміз керек деген сөз емес»,-деді Т.Өмірзақов.    

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика