Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен Сауд Арабиясының королі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Елбасы Екі Киенің Сақтаушысы, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Маусым , 08:37

Әңгімелесу барысында Сауд Арабиясының королі Мемлекет басшысын барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, қазақстандықтарға бақ-береке тіледі.

Екі мемлекет көшбасшылары Қазақстан-Саудия серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси диалог пен жемісті ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.  

Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд елдеріміздің ғасырлар бойғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген  қарым-қатынасы алдағы уақытта да Қазақстан мен Сауд Арабиясының достас халықтары мүддесіне қызмет ете беретініне сенім білдірді. 

 




Яндекс.Метрика