Халықаралық интеграция

СІМ Қазақстанның шет мемлекеттермен ынтымақтастығын арттыруда құрметті консулдардың рөлін атады (ФОТО)

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада өткен кездесу барысында Қазақстанның шет мемлекеттермен ынтымақтастығын артырудағы құрметті консулдардың еңбектерінің ерекше маңызды екендігін атап өтті.
Астана қаласы 24 Маусым, 17:53

«Сіздер- шет мемлекеттердің біздің елімізбен сауда-экономикалық мүдделерін сенім тапсырған біздің еліміздің белсенді азаматтарысыздар, түрлі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастық көбіне сіздерге байланысты»,-деді Е.Ыдырысов.   

Кездесудің басты мақсаты – СІМ құрметті консулдармен тікелей тығыз қарым-қатынас орнату болды.

Министр сыртқы істер ведомствосының құрметтің консулдардың тиімді, қамтымды қызметтеріне қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтіп, шетелдік мемлекеттерді қызықтыратын басым бағыттағы салалар бойынша ақпарат  алмасып отыруды ұсынды. Бұл ретте, Қазақстанның елде негізі «Қазақстан -2050» Стратегиясы» болып табылатын жаңғыртудың маңызды кезеңінде тұрғандығы және бұған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы тың серпін бергендігі айтылды.     

Министрдің сөзінше, құрметті консулдар Қазақстанда болып жатқан оңды өзгерістер мен еліміздің қол жеткізген жетістіктері туралы ақпараттарды өздеріне сенім білдірілген мемлекеттерде тарата алады.     

Министр кездесуге қатысушыларға Қазақстанға бизнес делегациялардың  көптеп келуіне белсенді ықпал ету қажеттігін, «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне шетелдіктердің көптеп қатысуы жолындағы бірлескен қимылдардың сондай-ақ Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы жолындағы әрекеттердің маңыздылығын айтты.

Өз кезегінде шараға қатысушылар өзжерінің жұмыс барысында қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, алдағы уақытта бірлесіп қызмет етуге ынталы екендіктерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елде 39 құрметті консул қызмет етеді.

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика