Астана күні

Бейбітшілік және келісім сарайы – Қазақстан халқы бірлігінің белгісі

Елорда күніне орай Strategy2050.kz АА Астананың ең көрікті орындарына арналған материалдар жариялайды.
Астана қаласы24 Маусым , 19:06

Пирамида әртүрлі діндердің, этностар мен мәдениеттің бірлік белгісі, халық пен елдің ашықтық белгісі болды. «Бейбітшілік және Келісім Сарайын» салу ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің идеясы.Дәстүрлі дін және конфессия басшыларының басқосуларын өткізу үшін пирамиданың  жоғарғы жағында Қазақстан байрағының ұлттық түсімен әшекейленген 200 орындықты зал орналасқан.

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған.

Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.

Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан.

Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан. 

Анар Тәңірқұлова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика