Үкімет

Б.Сапарбаев: БАҚ қызметкерлері билік пен халық арасындағы көпір

БАҚ қызметкерлері билік пен халық арасындағы көпір, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Астанадағы Инвестициялар мен даму министрлігіндегі Байланысшылар мен ақпарат күніне орай өткен салтанатты марапаттау барысында.
Астана қаласы24 Маусым , 17:23

«БАҚ қызметкерлері билік пен халық арасындағы көпір. Барлығымыз білетіндей халық барлық проблемаларын бірінші кезекте сіздер арқылы бізге жеткізіп шешкісі келеді. Және сіздерде аса қажет көп ақпарат бересіздер. Сондықтан да бүгінгі таңда уақытында ақпараттандыру болып табылады. Біз ақпараттың түрлі көздері, интернет арқылы алған ақпаратымызды сараптап тиісінше қорытынды жасаймыз», - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, вице -премьер  БАҚ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды басқаруда үлкен үлес қосып келеді.

«Бұл индустриалды-инновациялық дамуға, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатқа  байланысты. Бірінші кезекте сіздер осы бағдарламаның жүзеге асырылу барысын халыққа жеткізесіздер. Бүгінде Қазақстан халқының 70% шамасы ғаламтор падаланады. БҰҰ рейтингісі бойынша электронды үкімет бойынша әлемде Қазақстан алдыңғы қатарда. Ал, ұялы байланыс құны бойынша 17 орында, ғаламтор бойынша 7 орында. Бұл бағыттағы жұмыстар ел экономикасын есепке ала отырып жалғасын табады», - деп сендірді ол.

Б.Сапарбаев Үкімет атынан журналистерді төл мерекесімен құттықтап, табыс тіледі. «Сіздерге шығармашылық табыс, денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін», - деді вице-премьер.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика