ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Мәдениет министрлігінің өкілдері «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесінің қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсетілді.
Астана қаласы24 Маусым , 17:12

Байқауға баспасөзда, интернет басылымдарында басылған және телерадиоарналардан 2015 жылдың 10-қаңтары мен 10-шілдесі аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарияланған материалдар қабылданды. Республикалық байқауға 200-ден астам материалдар түсті, олардың арнайы құрылған комиссия өкілдері қарады. Әділқазылар алқасының мүшелері байқауға жолданған материалдарды «Баспасөз басылымындағы үздік материал», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік интернет-сайт материалы» аталымдары бойынша жеңімпаз деп жариялады.   

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні меркесінің қарсаңында Мәдениет және спорт министрі қазіргі замандағы БАҚ рөлін жоғары бағалады.     

«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәдениет ең алыс жатқан аймақтардың өзіне жетіп жатады. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде мәдени құндылықтармен алмасудың және оны үйлестірудің жаңа саясатын  бұқаралық ақпарат құралдары қалыптастырады. Көпұлтты Қазақстанда бұл қызмет БАҚ өкілдері үшін маңызды мәселе. БАҚ арқылы Қазақстан азаматтары өздерін тұрақты қарқынды дамып келе жатқан, өзінің болашағы мен ұрпақтарының болашағына сенімді,  мемлекеттің азаматы, қоғамның белсенді мүшесі сезінеді»,-деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.   

Ведомство басшысы мәдениет және спорт пен конфессияаралық келісім мәселелерін белсенді насихаттайтын БАҚ өкілдеріне Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.  

Индира Кауметова

 

 

   

 




Яндекс.Метрика