Үкімет

Б.Сағынтаев: Қазақстандағы реформалар АҚШ серіктестігіне қосымша серпін береді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Альберт Кролмен кездесті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Астана қаласы24 Маусым , 16:53

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы түрлі аспектідегі, оның ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы пікір алмасылды. 

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан 5 институционалдық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру барысын айтып өтті. Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары аталған реформалардың Қазақстан мен АҚШ серіктестігіне қосымша серпін беретінін баса айтты. 

Тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы республикаға жаңа экономикалық көкжиек ашатындығына сенім білдірді. Отандық кәсіпорындар үшін шетелдік нарықтарға шығуға жол ашылады, ал тұтынушылар тауарлар мен қызметтерді таңдауда кең мүмкіндіктерге ие болады.

Бақытжан Сағынтаев АҚШ Елшісін жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, өзара тиімді қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатындығына үміт артатынын жеткізді.

 




Яндекс.Метрика