EXPO-2017

100-ден аса қазақстандық кәсіпорын ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына тартылып отыр

Алда келе жатқан «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандарының құрылысына бүгінгі күні 101 қазақстандық кәсіпорын тартылды. Жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 88 млрд. теңгені құрап отыр, деп хабарлады Ұлттық компания.
Астана қаласы24 Маусым , 18:06

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін отандық кәсіпорындармен ынтымақтастықты Елбасының көрме құрылысына және оны дайындау ісіне аймақтық бизнесті тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы жүргізуде.

"Қазіргі күні Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен және Астана қаласының әкімдігімен меморандумдарға қол қойылған», - делінген хабарламада.

Осы меморандумдар шеңберінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 87 млрд. теңгеге 83 кәсіпорынмен келісім-шарттарға қол қойылды. Олардың ішінде 65 компания Астанадан (іргетастың қазықтары, бетон, қиыршық тас, құрылысқа арналған ерітінділер, анкерлік бұрандамалар, ағаштан жасалған қалып, газ блоктары, дизельдік отын, химиялық қоспалар, сэндвич-панельдер, сорғыш жабдық және т.б.), 1 компания Солтүстік Қазақстан облысынан (металл құрылмалары, монтаж), 12 компания Қарағанды облысынан (металл бұйымы, металл құрылмаларын шығару, темірбетонды бұйымдар, іргетастың қазықтары, арнаулы жұмыс киімі, радиаторлар, құбырлар және полипропиленнен жасалған фитингтер), 2 компания Павлодар облысынан (металл бұйымы (арматура) кабельдік өнім), 2 кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысынан (трансформаторлық жабдықты шығару және жеткізу) және 1 компания Шығыс Қазақстан облысынан (минералмақталық тақтайлар) қатысып отыр.

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына қатысып отырған 101 өндірушінің ішіндегі 18 кәсіпорын меморандумдар аясынан тыс келісім-шарттар бойынша жұмысқа тартылған. Олардың ішіндегі 13 жеткізуші Ақмола облысынан қатысуда (битумдық эмульсия, инерттік материалдар, газ блоктары, пенополистирол, металдан жасалған бұйымдар және іргетастың қазықтары) және 5-уі Алматының өндірушілері болып табылады (шыныпакет, қоршауға арналған витраждық құрылмалар, бентолайнермен жасалған су өткізбейтін материал, ауаны сыртқа және ішке тартатын желдеткіштерге арналған жабдық, іргетас қазықтары).

 




Яндекс.Метрика