Инвестициялар

Корея Қазақстанға Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінің қалыптасу тәжірибесін береді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев KISTI президенті Хан Сан-хва ханым, NTIS басшылары мен қызметкерлері және SoftiTech атқарушы директоры Ю Джэй Чанг мырзамен кездесті, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Әлемде24 Маусым , 18:36

«Сондай-ақ, кездесуде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Нүсіпов, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы С.Жолдасбаев, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а С.Ысмағұлова қатысты», - делінген хабарламада.

Корей ғылыми-техникалық ақпарат институты KISTI-мен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 2014 жылғы 21 маусымының бұйрығындағы мемлекеттік сапар кезінде Қазақстан Республикасына Корей Республикасының Президенті Пак Кын Хе-нің келуімен басталды. Бұйрық оңтүстік корея технологиясының «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) ұлттық технологиялық ақпараттық жүйесін іске асыру туралы мәселелерін зерттеу сұрақтарына қатысты болып келеді.

Корей ғылыми-техникалық ақпарат институты (дұдан әрі-KISTI) ғылым министрлігі, АКТ қолдауымен және Корея Республикасының болашағын жоспарлау мақсатында Қазақстанға Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат жүйесінің қалыптасу тәжірибесін беруді ұсынды. Аталмыш бастаманы іске асыру үшін KISTI Қазақстанда ұлттық R & D ақпаратты басқару жүйесін дамыту тұрғысында зерттеу бойынша корейлік INNOPOLIS FOUNDATION фондының грантын алды. Гранттың жалпы саны $172 300 құрады, оларды меңгеру мерзімі – 2015 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың сәуір айына дейін.

KISTI тарапынан берілген грант шеңберінде Қазақстанда ұлттық                R & D ақпаратты басқарудың толық жүйесін құру жоспары әзірленеді, KATIS үшін негізгі жоспар мен Жол картасы, сондай-ақ даму жоспарын талқылау мақсатында атқарушылық кездесулер мен семинарлар өткізілді, KATIS, ҒТҰО, ҰМҒТСО және ТДҰА қажетті ақпаратты ұсынып, сұхбаттарда қатысып, талдау жұмыстары, дизайн жүйесін жетілдіру, кездесулер мен семинарлар өткізу шараларын ұйымдастыруға өз көмегін көрсетеді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика