Парламент

Мәжіліс қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырумен күреске бағытталған заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық мәжіліс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Астана қаласы24 Маусым , 15:03

Заң жобасы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген, 2010-2020 жылдар аралығын қамтитын ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасы сонымен қатар, қылмыстық кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру жөніндегі еуразиялық топтың 14-ші пленарлық мәжілісінде қабылданған, Қазақстан Республикасының өзара бағалау бойынша есебіне жасалған ескертулерді жүзеге асыруды көздейді. 

Осылайша, заң жобасында көлеңкелі экономикаға қарсы тұру мақсатында қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімін кеңейту бойынша, қылмыстық жолмне табылған және терроризмді қаржыландыруға бағытталған қаржыны заңдастыруға қарсы мемлекеттік саясат» пен «тоқтату» түсінігін нақтылауға қатысты, бірқатар нормалар қарастырылған.

Заң жобасында тағы қылмыстық жолмен немесе лаңкестік әрекеттермен байланысты табылған қаржы мен активтерді тоқтатып қою тетігін енгізу, тоқтатылған қаржы қажет болған жағдайда оны алуға қол жеткізу шаралары ойластырылған.  

Индира Кауметова 

 

 

 

   

 

   




Яндекс.Метрика