Парламент

Мәжіліс Қазақстан мен Жапония арасында инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Астана қаласы24 Маусым , 14:48

Бұл келісімге өткен жылдың күзінде Астанада өткен екі елдің экономикалық ынтымақтастық және үкіметтік-жеке секторларының бірлескен комиссияның бесінші отырысында қол қойылған болатын.

«Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған»,-деп атап өтті аталмыш мәселе бойынша баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. 

Әрбір тарап инвестицияға байланысты барлық аударылымдар еркін түрде екі жақ шекарада да кедергісіз, үдерістердің сақталуы арқылы жүзеге аса береді.

Келісімді жүзеге асыру мақсатында тараптар бірлескен комиссия құрады. Бірлескен комиссия құрамына ақпарат алмасу және келісімді жүзеге асыру енеді.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика