Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Атамекен» мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жемқорлықпен бірлесіп күресу туралы келісімге қол қойды

Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жемқорлық белгілерінен кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін бірлесіп қорғау туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 24 Маусым, 19:52

Келісімде жұмыс ашықтығы мен Қазақстандағы бизнеске қолдау көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құжаттарын қарастыру уақытын қысқарту және жеңілдету принциптері көрініс тапқан.

Агенттік төрағасы атап өткендей,  қол қойылған келісім  «екі органның бірлескен жұмысын жүйелеу болып табылады» және ол агенттіктің палатамен тығыз жұмыс істеп жатқанын баса айтты.

«ҰКП өкілдері агенттік жанындағы Жемқорлықпен күрес кеңесінің құрамында бар. Аймақтық деңгейде жұмыстар белсенді жүргізілуде»,  деді Қ. Қожамжаров.

Т. Құлыбаев агенттікті кеден органдарының жұмысына назар аударуға шақырды, олардың жұмысы бойынша көптеген сұрақтар туындауда.

Келісімде тараптар жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

 





Яндекс.Метрика