Адами капитал

Маңғыстау облысы 5 айдың қорытындысы бойынша туу көрсеткіштері жағынан бірінші орында

Маңғыстау облысы 5 айдың қорытындысы бойынша туу көрсеткіштері жағынан бірінші орында тұр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау25 Маусым , 08:54

«Есепті кезеңде облыс  тұрғындарының саны 3,2 пайызға артты. Бүгінде Маңғыстауда 613 мың адам тұрып жатыр. Егер өткен жылдың сәйкес, кезеңімен салыстыратын болсақ, 2014 жылы бұл көрсеткіш 594 мың болатын. Тұрғындардың саны жағынан біздің облыс Алматы қалыснан кейін екінші орында тұр. Бірінші кезекте, өсімге туу көрсеткіштерінің артуы себеп болып отыр. Туу көрсеткіштері жағынан аймақ еліміздің барлық аймақтарының алдында тұр»,-дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпен Ілмұхамбетова.    

Биылғы жылы Маңғыстау облысында апатты мектептер жағдайы толықтай шешілетін болады.

«Екі мектеп биылғы жылы Жетібай мен Құланды ауылдарында салынады. Осылайша біздегі барлық апатты мектептер жойылады. Үшауысымды оқудың алдын алу мақсатында облыста біз өзгелердің алдында келеміз. Биылғы жылы біз Ақшүкір ауылында 960 орындық мектеп салдық, енді Форт-Шевченко қаласында 550 орындық, ал, Атамекен ауылында 1 мың 200 орындық мектеп салу көзделіп отыр. Осы құрылыстардың негізінде біз облыста үшауысымды оқыту бізде болмайды деген ойдамыз»,-деді Ш.Ілмұхамбетова.   

 

 




Яндекс.Метрика