Парламент

Мәжіліс жұмылдыру туралы заңнамаға енген өзгертулер мен толықтыруларды мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.
Астана қаласы24 Маусым , 14:04

Қорытындыда айтылғандай, ҚР  қолданыстағы әскери доктринасы мен жұмылдыру дайындығының мынандай негізгі міндеттері айқындалған. Бірінші, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың дайындығы жүйесін жетілдіру.

Мемлекеттің жұмылдыру әзірлігі арттыру. Жұмылдыру дайындығының негізгі міндеттерінің бірі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.

Қарастырылып отырған заң жобасында мемлекеттік органдардың жұмылдыру жоспары, әкімшілік аумақтағы жұмылдыру жоспары деген ұғымдар бекіту бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Қарастырылып отырған заң жобасында тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары деген ұғымдар бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика