Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«KAZNEX INVEST» АҚ шет мемлекеттерде отандық тауарлардың өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған 40 шара өткізеді

«KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамы сервистік қолдау аясында шет мемлекеттерде отандық тауарлардың өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған 40 шара өткізеді, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы24 Маусым , 13:47

«Біз сервистік қолдау шараларының аясында биылғы жыл бойына отандық өнімдердің өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған 40-тан астам іс-шара ұйымдастырамыз. Бұл сауда миссиялары, көрмелер, 13 мемлекетте өсетін таныстырылым. Біздің мемлекетпен бірлескен қимылдарымыз өзінің жемісін береді деген ойдамыз және біз болашаққа үлкен сеніммен қараймыз. Біз қазір дайындап жатқан қорытындылар аралық қорытындылар. Олар бойынша әлі қандай да бір болжам жасауға әлі ерте, жыл соңына дейін жағдай тұрақтандырылып, реттеледі және мемлекет қолдауымен жүзеге асырылып жатқан шаралар өзінің тиімділігін көрсетіп, қазақ экспортын жаңа деңгейге көтереді»,-деді М.Майкенов.   

Басқарма төрағасының орынбасары «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамының бастамасымен Ұлттық қордан сауданы қаржыландыруға 35 миллиард теңге бөлінгендігін атап өтті.  

«Біздің компаниямыздың бастамасымен Ұлттық қордан сауданы қаржыландыру үшін 35 миллиард теңге бөлінді. Аталған қаржылардың операторы Қазақстанның даму банкі, ол экспорттаушыларды өтініштерін қабылдау мен қарау жүйесін жеңілдетті»,-деді төрағаның орынбасары.

Анар Тәңірқұлова

,  




Дерекнама

Яндекс.Метрика