«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қызылорда облысында 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 41 тұрғын үй қолданысқа енді

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 41 тұрғын үй қолданысқа енді , деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылордалық филиалында «Нұрлы Жол» бағдарламасының іске асуы: Өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны» тақырыбында баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Алибаев.
Қызылорда24 Маусым , 16:17

«2015 жылы Елбасының «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында Қызылорда қаласына 13,0 млрд.теңге қаржы нвестиция тарту арқылы тұрғын үй құрылысының орны толтырылмақ», - Н.Алибаев.

Бұл қаржыға «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ желісі бойынша 78,0 мың ш.м. құрайтын 22 тұрғын үй және  «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі арқылы 36,5 мың шаршы метрді құрайтын 13 тұрғын үй, барлығы 114,5 мың ш.м. құрайтын 1780 пәтер, 35 тұрғын үй салынбақ.  

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында 39 мың шаршы метрді құрайтын 467 пәтер, 133,9 шақырым инфрақұрылым желілері  пайдалануға берілген болатын. Ал биыл мемлекеттік және инвестициялық қаржыландыру көздерін қосқанда барлығы 137,0 мың шаршы метрді құрайтын 2090 пәтер және 158,4 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 3,5 есеге артық.

«Көпқабатты тұрғын үй салуда жеке кәсіпкерлер де белсенділік танытуда. Мәселен, биыл жеке құрылыс компаниялары өз қаражаттарына 22,0 мың шаршы метр құрайтын 202 пәтері бар 5 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізіп, пайдалануға беруді жоспарлап отыр», - деді ол.




Яндекс.Метрика