Парламент

Мәжіліс Қазақстан мен Ресей арасындағы реадмиссия туралы заң жобасы мақұлданды

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Астана қаласы24 Маусым , 13:04

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы келісімге 2012 жылы 7 маусымда Астанада Қазақстанның Ішкі істер министрі мен Ресейдің Федералдық көші-қон қызметінің директоры қол қойған.

Осы құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтауды және қайтаруды көзейді. Бұл санатқа еліміздің аумағына заңсыз немесе заңды жолмен, бірақ рұқсатының мерзімі өтіп кеткен адамдар жатады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федералдық көші-қон қызметі осы келісімді жүзеге асыратын құзіретті органдар болып табылады. Сондай-ақ, келісімнің 1 бет. 3 сәйкес, тараптың сұрап отырған өкілетті органдары орталық құзіретті органның өтініші бойынша үшінші мемлекеттің немесе өтініш беріп отырған елдің жерінде рұқсатсыз тұлға заң тәртібін бұзатын болса оны шекарадан шығару немесе шығармауға байланысты өтініш беріп отырған тараптың келісім арқылы жүзеге асырылады.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика