Білім беру

ШҚО үшін мемлекеттік тапсырыспен колледждерде білім алуға 175 орын бөлінді

Шығыс Қазақстан облысында ТиПО жүйесіндегі білім беру орындарына «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты бағдарлама бойынша, республикалық бюджеттен 175 орын бөлінді.
Шығыс Қазақстан24 Маусым , 20:21

Ақпарат орталығының хабарлауынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінің түлектерін тарту мақсатында аталмыш аймаққа арнайы үгіт-насихат тобы аттанды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары 2015-2016 оқу жылдарында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында кәсіби бейімдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аталмыш бағыттағы шаралармен осы өңірлерден 23-сәуір мен 8-мамыр аралығында 1 мың 925 түлек қамтылды.     

«4 колледж ұстазы мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің ұстаздары мен Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы өкілдері бар керуен 21-маусымда ШҚО-ның 4 колледжінде білім алуға үміткерлерден құжаттарды қабылдау үшін оқу орындарын аралады.  

ШҚО білім басқармасының мәліметтерінше, керуен өкілдері Талдықорған мен Тараз қалалрында кәсіби біліктілікті бейімдеу форумдарын өткізді.  Жиын барысында керуен мүшелері түлектер мен олардың ата-аналарына мемлекеттік бағдарлама мен ШҚО оқу орындары туралы мәліметтермен таныстырды. 2014 жылы кәсбіи беймідеу жұмыстарының нәтижесінде облыс колледждеріне еліміздің оңтүстік өңірлерінен 285 үміткер оқуға түсті.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика