Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 эскпорттаушы елдің қатарында

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспорттаушы елдің қатарына кіріп келеді, қазіргі таңда ол 43-ші орында тұр, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы24 Маусым , 12:42

«Қазақстан сыртқы нарықтарда тұрақты тұр. Қазақстан әлемнің ең ірі 50 экспорттаушысының қатарына кірігіп келеді, қазір бұл бағыт бойынша біз 43-ші орында тұрмыз. Біздің көміртегі шикізатының, нақтырақ айтқанда мұнайдың ең ірі 10 экспорттаушысының біріміз. Сонымен қатар, біз бидай дәнін экспорттау бойынша да үздік ондықтың қатарындамыз. Ал уран, сары фосфор экспорты бойынша бірінші орындамыз, ұн тасымалдауда екінші қатарда тұрмыз. Яғни Қазақстанның сыртқы нарықтарды белгілі бір дейгейде жетістіктері бар»,-деді М.Майкенов.  

Оның сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанды өңделген дайын тауарларды экспорттаушылардың бірі ретінде танымал ету міндеті тұр.   

«Бұл ретте, экспортты қолдау мемлекеттік бағдарламасының операторы ретінде біз осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Бүгінгі таңда, яғни қатаң бәсекелестік жағдайында, нарықтар тарылып, сұраныстың төмендеп, негізгі экспорттық тауарларға деген бағанаң құлдырап жатқан тұсында бәсекеге қабілеттілік те қатайып, экспорттау оңай шаруа болмай тұр»,-деді ол.      

«KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамының мәліметтерінше, 390-нан астам кәсіпорындар 1 млн доллардан астам өнімдердің тұрақты экспорттаушысы.

«Бүгінгі таңда олар біздің заманымыздың «батырлары». Олар заман қатерлеріне қарсы тұрып, оған лайықты жауап бере алатын, бәсекеге қабілетті ұйымдар болып табылады. Осы ретте біздің басты мақсатымыз да осы кәсіпорындарды қолдап, олардың бүгінгі жетістіктерінен қол үзіп қалмауларына жағдай жасау болып отыр. Осы ретте біз Үкіметтен осы экспорттаушылардың әрқайсысына нақты көмек көрсетуді сұраймыз»,-деді төрағаның орынбасары.    

Өз кезегінде экспорттаушылар да жаңа нарықтарды игеруге дайын болуылары керек, олардың нақты маркетингтік жоспарлары болғаны жөн.  

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика