Парламент

Мәжіліс Қазақстан мен Литва арасында адамдардың реадмиссиясы туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Үкіметінің арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Астана қаласы24 Маусым , 12:39

Келісімге 2011 жылы 6 қазанда Астанада Қазақстан мен Литваның Ішкі істер министрлері қол қойған болатын.

«Оның күшіне енуі - екі елдің арасындағы жалпы азаматтық, ұлттық паспорттардың иелері үшін Визасыз режим орнатуға негізгі шарт болмақ. Осы құжат екі мемлекеттің аумағына кіру және онда болу шарттарын бұзған адамдарды анықтап, оларды елдеріне қайтаруды көздейді», - деді ІІМ басшысы Қ.Қасымов.

Бұл санатқа еліміздің аумағына заңсыз кірген немесе заңды кірген, бірақ Виза немесе рұқсатының уақыты өтіп кеткеннен кейін елімізде қалған адамдар жатады. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары реадмиссия үшін Қазақстанның шекарасын кесіп өту пункті болып бекітілді.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Литва Республикасының Ішкі істер министрлігі осы келісімді іске асыратын құзіретті органдар болып табылады. Келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Мемлекеттердің аумағында заңсыз жүрген азаматтарды халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауды және олардың транзитін жеңілдетеді. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және қосымша қаражатты талап етпейді.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика