Парламент

Мәжіліс атом энергиясын пайдалануға қатысты заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары пленарлық мәжіліс барысында ҚР «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Мәжілістің 2014 жылғы жоспарына сәйкес дайындалған болатын және ол ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде қауіпсіздіктің қағидаттары мен негізгі талаптарын белгілеуге бағытталған.
Астана қаласы24 Маусым , 12:31

Бұдан бөлек, құжатты қабылдау атом энергиясын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамту және оны реттеудегі атом энергиясын пайдаланатын мекемелерге қауіпсіздік деңгейінің талаптарын орындауға, оларды жүзеге асыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. «Сонымен қатар, заң жобасы қоршаған ортаны қорғауды көздейді, яғни, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілік уәкілеттілігін нақтылау арқылы қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолдары анықталады», -деді Энергетика министрі Владимир Школьник.

Оның айтуынша,  аталған заң жобасы республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды қажет етпейді. Құжаттың зиянды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика