Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҚР-ның 15 кәсіпорны гуманитарлық сатып алудың әлемдік нарығына тауар жеткізеді

15 отандық кәсіпорын гуманитарлық сатып алудың әлемдік нарығына тауар жеткізеді, олардың жыл сайынғы айналымы 15 млрд долларды құрайды, деді «KAZNEX INVEST» АҚ Алматыдағы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы24 Маусым , 12:13

«Бүгінгі таңда 60 компания тікелді, оның 30-ы БҰҰ жүйесіне кіретін халықаралық ұйым мамандарымен инспекцияланды. Оның 15 компаниясы өз өнімін БҰҰ көмегі мен Ауғанстандағы құрылымдық жағдайды ретке келтіру бойынша АҚШ Үкіметінің жобасы аясында  тауарларын жеткізді», - деді ол.

Оның айтуынша, гуманитарлық сатып алу нарығы – ұзақмерзімді жоба.

«2012 жылы азық-түлік өндірісін гуманитарлық сатып алу нарығына жеткізу қарастырылды. 2014 жылы біздің ірі кәсіпорындар  - «МАСЛО - ДЕЛ» ЖШС, «Цесна-Астық», «Dolce-Pharm» ЖШС компаниялары біліктіліктерін қайта арттырды. Бұл біздің елдің экономиканы әртараптандырудың тағы бір амалы», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан өзге ірі халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға мүдделі, ол – Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық қозғалысы. Осы жылдың қыркүйегінде  сарапшылар кәсіпорын  инспекцияларының кездесуін өткізуді жоспарлауда.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика