Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИДМБ жүзеге асыру аясында АӨК-те жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 5 жылда 1,5 есе өсті

Қазақстанда ҮИИДМБ жүзеге асыру аясында агроөндіріс кешенінде жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 5 жылда 1,5 есе өсті және 2014 жылы 2,5 трлн теңгені құрады.
Казахстан24 Маусым , 15:34

Өсімдік өсіру өндірісінің өнімі аталмыш кезеңде 1,4 есе (1,3 трлн теңге), мал шаруашылығы өнімі шамамен  1,7 есе (1,2 трлн теңге) артты. Ал, азыө түлік өнімі өндірісі көрсетілген кезеңде 1,6 есе артып, 1 042,4 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттіі бола бастады және экспортқа бейімделді. Ауыл шаруашылығы өнімі мен оның қайта өңделген өнімдерінің экспорты 5 жылда 1,5 есе өсіп, 2,6 млрд  долларды көрсетті.

Сонымен қатар, сала инвестиция салуға тартымды болып барады. Ауыл шаруышылығының негізгі капиталына 5 жылда инвестиция көлемі 2 артты және 2014 жылы 166,4 млрд теңгені құрады.

Бұдан басқа, азық түлік өнімдерін өндіру негізгі капиталына инвестиция көлемі 1,3 есе көбейіп, 40,8 млрд теңгені құрады.

Ішкі нарықтың отандық азық түлік өнімімен қамтамасыз етілу көлемі  80%-дан асады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика