Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

С.Нарбаев: ҚР тауарларын әлемдік гумантарлық сатып алулар нарығына бейімдеуде

Қазақстан отандық тауарларын әлемдік гумантарлық сатып алулар нарығына бейімдеуде, ондағы жыл сайынғы айналым 15 млрд долларды құрайды, деп мәлімдеді «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сәбит Нарбаев ОКҚ-да ткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы24 Маусым , 11:56

«Қазіргі таңда біз тауарды өткізетін өзгеде нарықтарды іздестірудеміз. 2010 жылдан бастап гуманитарлық сатып алулар нарығында құралды жүзеге асырудамыз. Бұл қазақстандық компаниялардың халықаралық ұйымдардың гуманитарлық операцияларына коммерциялық жеткізілімдерге қатысуы. Бұл өте үлкен нарық. Жыл сайынғы айналым 15 млрд долларға жуық. Қазақстан Қырғызстан мен Ауғанстанның қасында орналасқан. Ал, Ауғанстан гуманитарлық көмек бинифициаторлары қатарында көш бастап тұр. Сондықтанда бізде нақты бір әлеует бар. Біз мақсатты түрде аталмыш нарыққа отандық тауарды өткізумен айналысып келеміз»,- деді  С.Нарбаев.

Бұл нарықта бірінші ретте қажет тауарлар сатып алынады: азық-түлік, фарминдустрия өнімдері, жеңіл өнеркәсіп тауралары, құрылыс материалдар.

Оның айтуынша, гуманитарлық сатып алулар нарығына кіру үшін үш кезеңнен өту керек: тіркелу, біліктілікті растау мен олардың тендерлеріне қатысу.

«Осы шарттарды есепке ала отырып біз мыналарды ұйымдастырамыз: семинарлар, жеке кеңес беру, отандық комнанияларымыздың шетелдік көрмелерге қатысуына жағдай жасаймыз, оларға халықаралық компаниялармен, ұйымдармен байланыс орнатуға көмектесеміз», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика