Халықаралық интеграция

Прагада Қазақстан мен ЕО арасындағы виза режиміне қатысты мәселе талқыланды

Прагада құрамында ішкі істер және сыртқы істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің өкілдері бар қазақстандық делегация чехиялық әріптестерімен бірге Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылау мақсатында кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде24 Маусым , 15:17

Кездесу барысында чех тарапы Қазақстанның көші-қон саясатын жетілдіру мақсатында құзырлы орган өкілдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді. Ұлттық заңнаманы ЕО талаптарына сәйкестендіру мақсатында дайындалған ҚР мен ЕО арасындағы виза режимін жеңілдету бағытындағы іс-шаралар жоспары туралы ақпараттар жария етілді.   

Қазақстан тарапының мәлімдеуінше, қазіргі таңда Үкіметтің жоспарды арнайы шешімімен бекіту мәселесі күтілуде.    

Чехия елі экономикасы дамыған, саяси жағынан тұрақты 48 мемлекеттің бірі. Аталған елдің азаматтарына 2004 жылы біржақты тәртіпте визалық режим жеңілдетілген болатын. Чех тарапы Қазақстанның ЕО-тың соңғы стандарттарымен сәйкестендіре отырып, көші-қон заңнамаларын жетілдіруге  бағытталған ұмтылысын жоғары бағалап, екі ел арасындағы визалық режимді жеңілдету жөніндегі бастаманы қолдайтындықтарын білдірді.

Кездесу соңында тараптар көші-қон және визаны жеңілдету бағытындағы консультативті-құқықтық мәселелер бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты жалғастыра беру жөнінде келісімге келді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика