Ұлттың денсаулығы

Ташкентте ОА-ға арналған қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды нығайту мәселелері талқыланды

Ташкент қаласында Орта Азия республикаларына арналған қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды нығайту бойынша субаймақтық семинар-тренинг өтті, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ жанындағы Денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебі.
Әлемде24 Маусым , 16:34

Аталған семинарға  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тажікстан, Ресей сынды 5 елден 30 адам қатысты.

Курсты өткізуді ұйымдастыруға  Өзбекстан үкіметі қолдау көрсетті және ДДСҰ ЕАБ және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы екі жылдық келісім (ЕЖК) аясында қаржыландырылды.  

2012 жылы денсаулық сақтау жаңа аймақтық саясатының негіздері – «Денсаулық-2020» және Еуропадағы қоғамдық денсаулық сақтауды өркендету үшін қызмет ететін қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бекітілген болатын.

«Денсаулық-2020» саясаты денсаулық пен игілікті қолдау, сонымен қатар денсаулық көрсеткіштері бойынша  алшақтықты қысқарту үшін қоғамдық денсаулық сақтаудағы көшбасшылық пен басқаруды нығайтудың стратегиялық мәнмәтініне жаңалық әкеледі. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясатты жүзеге асыру және таратуға көмек көрсету үшін практикалық басқару мен дағды мүмкіндіктерін нығайтуда елдерге қолдау көрсету ретінде ДДСҰ ЕАБ «Денсаулық-2020» жаңа саясаты аясында қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды практикалық модельдеу және нығайту бойынша курсты ашты.

Денсаулық сақтауды басқару және ұйымдастыру барысында гигиена, микробиология, эпидемиология және әлеуметтік медицина сынды негізгі төрт салаға кәсіби бейінділікті және мамандануды қарастыратын «Санэпидқадағалау» моделі (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет)  тарихи тұрғыдан қалыптасты.

Денсаулық сақтау саласының көптеген қызметтері мониторинг және бақылау жүргізуде, міндетті санитариялық-гигиеналық қызметте көрінеді. Жұқпалы ауруларға бақылау жүргізуге қарағанда, оның айырмашылығы Орта Азия республикаларындағы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қоғамдық денсаулық мәселелерін ғылыми зерттеу, төтенше жағдайларға назар аудару, қоршаған ортаны және денсаулықты қорғау, алдын алу бағдарламалары, денсаулықты нығайту бойынша шұғыл зерттеулер нашар жүретіндігі болып табылады.

Соның нәтижесінде, қоғамдық денсаулық сақтау негізінен емдеу мен сырқаттанушылыққа бағытталған денсаулық сақтаудың басқа қызметтерімен қатарлас жұмыс жасайтын және қаржыландырылатын мемлекеттік басқарудың жеке компоненті ретінде реттеледі. 




Яндекс.Метрика