Халықаралық интеграция

БҰҰ бейбіт жиналыс жөніндегі арнайы баяндамашысы Қазақстан бойынша есебін ұсынды

Женева қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 29-шы сессиясы шеңберінде БҰҰ Бейбіт жиналыс және ассоциация құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Майна Киаи 2015 жылғы 19-27 қаңтарда Қазақстан Республикасына жасаған сапары бойынша есебін ұсынды, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігі.
Әлемде24 Маусым , 15:49

Арнайы баяндамашы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген негізгі жетістіктеріне тоқтала келе, еліміздің адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауға деген мол әлеуетін атап өтті.

«БҰҰ тәуелсіз сарапшысы Қазақстан Үкіметін өзінің елімізге сапарына дайындық кезінде және шара барысындағы сындарлы және мазмұнды ұстанымына алғысын білдірді. М.Киаи Қазақстан Республикасының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Арнайы процедуралар механизмімен жемісті әрі тиімді ықпалдасуының жаңа кезеңінің басталуы туралы айтуға болатынын жеткізді», - делінген хабарламада.

Осы орайда ынтымақтастықтың қол жеткізген деңгейін бекітуді көздей отырып, 2015 жылғы шілде – тамызда Қазақстанға қайта сапармен баруға әзірлігін білдірді.

Арнайы баяндамашының есебіне жауап сөзінде Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова Кеңес мүшелері мен байқаушыларын сапардан кейін өткен мерзімде Қазақстанда болған өзгерістер туралы хабардар етіп, негізгі жетістіктеріміз туралы айтып берді.

Елбасының 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы туралы ақпаратпен таныстырып, 10-11 маусымдағы V Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің қорытындыларын жеткізді.

Қазақстан делегациясының басшысы Қазақстандағы Арнайы процедуралардың ұсыныстары және еліміздің конвенциялық міндеттемелерінің жүзеге асырыруылының тұрақты мониторингі жасалып тұратынын айтты. Сөзін қорытындылай келе, Э. Әзімова еліміздің БҰҰ адам құқықтарын қорғау механизмдеріне ұдайы қолдауы және сындарлы ықпалдасуға әзірлігін растады.

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика