Адами капитал

Атақты спортшыларға елорда әкімдігі пәтер кілттерін табыстады

Қазақстандық белгілі спортшыларға Астанадан пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Астана қаласы24 Маусым , 11:41

Астана қаласының әкімдігі Конфедерацияның қолдаухатымен тұрғын үй қорынан төрт спортшыға жалдамалы тұрғын үй берді.

«Жаңа пәтер кілтін елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыстады. Қоныс тойын тойлаушылардың ішінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы Гузель Манюрова, бокстан 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ләззат Күнгейбаева, Азия Ойындарының жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы Татьяна Аманжол бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ләззат Күнгейбаеваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Куәлікті Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев табыстады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика