Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Соңғы 2 жылда «Алви плюс» ЖШС 12,5 млн теңгенің өнімін экспорттады

Соңғы 2 жылда «Алви плюс» ЖШС 877 921 дана немесе 12,5 млн теңгенің өнімін экспорттады.
Алматы қаласы24 Маусым , 18:21

«Алви плюс» ЖШС   бұл өндірістік зауыт, онда бір реттік пайдаланылатын жеке гигиена заттары өндіріледі. Зауыт өнімі Қазақстанның бүкіл аумағында таратылады.

Зауыт Алматы қаласында орналасқан. Компания өз қызметін 2003 жылы бастаған. Ал, өз өнімінің алғашқы эспортын 2012 жылы жүзеге асырды.

KAZNEX INVEST жүйелік қолдауы аясында Мәскеу қаласында 2013 жылы өткен «Интербытхим-2013» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысты. Кәсіпорын өз өнімін Ресей Федерациясына да экспорттайды.




Яндекс.Метрика