Бюджет саясаты

2013 жылы Маңғыстау облысында қоршаған ортаны қорғау бойынша 140 млн теңге игерілді

Маңғыстау облысында табиғатты қорғау шараларын өткізу үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 213,2 млн теңге бөлінді. Соның бүгінге дейін 138,9 млн теңге игерілді, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты қорғауды қадағалау басқармасы.
Маңғыстау18 Қазан , 14:22

«Осы тұрғыда экологиялық қауіпсіздікте бірінші тапсырма - өндіріс қалдықтары мен радиациялық ластануды жою», -делінген хабарламада.

Сұйық фазаның құрғауы жалаңаш жерлердің шаңдануы мен атмосферада аэрозольды бөлшектердің тарауына әкеп соғады.

Хабарламада айтылғандай, мұндайдың алдын алу үшін жасанды көлдердің сұйық фазасын тұрақты деңгейде ұстап тұру жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын су қоймасы 6,3 млн текше метр суды Ақтау қаласына қолданысқа жөнелтеді.

Сонымен қатар, бұрынғы Каспий аймақтық кен металлургиясы комбинаты да аталмыш қауіптің алдында тұр, деп хабарлайды облыс орталығы.

Осыларды бағамдай отырып, ағымдағы жылы радиоэкологиялық бағалауға 9 млн теңге бөлінді. Жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталмақ.

 

 

 




Яндекс.Метрика