Экология

Ақмола облысында 22 орман өрт станциясы жаз маусымына дайын

Ақмола облысында орман өртімен күрес жүргізу жұмысын үйлестіру бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлады ОІС жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола24 Маусым , 20:43

ҚР аймағында орман және дала өрттерін жою және алдын алу бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Ақмола облысының ТЖ департаменті орман және дала өртін болдырмау және алдын алу бойынша шаралар жоспарын өткізді.

Орманды «кәуәп» маусымында өрттен құтқару үшін өрт қауіпсіздігі инспекторлары құқық қорғау органдары, атқарушы органдарымен  қоса демалушылардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қамтамасыз етеді.

 Облыс аймағында 22 орман өрт станциясы, 46 бақылау орны, 63  өрт сөндіру техникасы, 61 трактор, 777 су шашы құрылғысы, 52 өрт мотопомп, 271 балта, 1165 күрек, 1433 радиостанция бар.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін медицина ұйымдары өртке қарсы препараттармен қамтылған.

 




Яндекс.Метрика