Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: 2015 жылы АӨК саласы бойынша 26,6 млрд теңгенің 17 жобасын іске асыру көзделіп отыр

Қазақстанда Индустрияландыру картасының аясында 2015 жылы агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу саласында құны 26,6 млрд теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Казахстан24 Маусым , 10:54

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға бағытталған индустриялды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы бойынша арнайы «Азық-түлік өнімдерін өндіру» бөлімі бар тиісті шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.  

2019 жылдарға дейінгі аралықты қамтитын ИИДМБ аясындағы шаралар ауыл шаруашылығы шикізаты мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған қаржылық қызметтердің  қолжетімдігін қамтамасыз етуге, өндірістердің инфрақұрылымдық тежеулерін төмендетуге, отандық өнімдердің өтімділігін арттыру, азық-түлік өнімдерін тұтыну мәдениетін қалыптастыру сияқты өзге де бірқатар шараларды жүзеге асыруға бағытталған.  

Толықтай алғанда, ИИДМБ тарапынан ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша төмендегідей индикаторларға қол жеткізу мәселесі қарастырылған. Жалпы қосымша құн бағасын 1,2 есеге артыру, азық-түлік өнімдері өнімін өндіруші кәсіпорындардағы жұмысшылар санын 2,4 мың адамға көбейту, еңбек өнімділігін 1,1 есеге арттырып, шикізаттық емес экспорт көлемін 1,2 есеге көтеру жоспарланған.  

2015-2019 жылдар аралығында Қазақстанда АӨК бойынша 70 жобаны жүзеге асырып, 140 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көзделген.

 




Яндекс.Метрика