Адами капитал

Қазақстандық Әскери-әуе күштерінің экипаждары «Авиадартс-2015»-ке аттанады (Фото)

Бүгінгі таңда «Талдықорған», «Жетіген» және «Алматы» авиациялық базаларында 2015 жылғы шілденің 26-ы мен тамыздың 16-ы аралығында Ресей Федерациясының Липецк және Рязань қалаларының әскери әуеайлақтарында өтетін «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық байқауына дайындық жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 24 Маусым, 11:09

«Ұшу экипаждарын іріктеу 2015 жылғы 4 маусымда басталды. Қазақстандық Әскери-әуе күштерінен халықаралық байқауға   МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8 ұшақтары мен тікұшақтарының экипаждары қатысады. Ұшатын құрам байқауға қарқынды дайындалуда. Әуеайлақтардағы инженерлік-техникалық құрам мен ұшуларды жерүсті қамтамасыз ету мамандары әрқашан толық әзірлікте», - делінген хабарламада.

Ұшақтар мен тікұшақтардың қозғалтқыштары және аппаратурасы күн сайын тексеріледі. Додаға қатысушы Су-25 ұшағының ұшқышы капитан Азат Абдуллин  2007 жылдан бастап ұшып жүр. Аталған ұшақтың типінде шамамен 4 жыл. Ол өзінің әріптестерімен күн сайын алдағы жарысқа дайындалып жүр.

«Қазақстандық ұшқыштар бұл халықаралық сайысқа алғаш рет қатысып отыр, сондықтан іріктеуден өтіп, жарысқа қатысу әр адамның арманы. Осындай халықаралық деңгейде еліміздің атын шығару біз үшін үлкен құрмет. Әрине, жарысқа лайықты қарсыластар қатысады. Бірақ, біз үздіктердің бірі болуымыз керек деп ойлаймын. Соңғы жылдары біздің Әскери-әуе күштерінің ұшу құрамын даярлау анағұрлым жақсарды. Біз көбірек ұшатын болдық, әскерлер қазіргі уақытта барлық қажеттімен қамтамасыз етілген», - деді Азат Абдуллин.

Байқауда ұшақтар мен тікұшақтар экипаждарына арналған ұшу тапсырмалары қарапайым пилотаж бен шағын биіктіктердегі аймаққа көзбен шолып әуе барлау бағдарлары бойынша жұппен өтетін болады. Сайыстың мақсаты жұп құрамында жерүсті объектілері мен қарапайым пилотаж фигураларын іздеу әуе навигациясының элементтерін орындаудағы ұшу экипаждарының дағдысын бағалау болып табылады. Барлық ұшулар қарапайым метеорологиялық жағдайларда орындалатын болады.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика