Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Ұлыбритания киберқылмысқа қарсы тұру саласында ынтымақтасуға мүдделі

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің Орталық Азиядағы Аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесті, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы24 Маусым , 10:39

Сұхбаттың негізгі тақырыбы киберқылмысқа қарсы тұру саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі болды. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізу, құқықтық көмек көрсету, ақпарат және тәжірибе алмасу, екі ведомство арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

А.Дауылбаев Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық жүйелері арасында қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан Ұлыбританияның заманауи әлемдегі қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы тәжірибесінің молдығын атап өтті. Ол киберқылмыспен күрестегі өзара ықпалдастықты тереңдетудің өзектілігін атап өтті және интернет-индустрияның киберқорғанысы саласындағы британдық алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеуге қатысты мүдделілігін растады.

Сондай-ақ Қазақстанның Бас Прокуроры өзаралық қағидасы негізінде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері туралы да сөз болды.

Аймақтық үйлестіруші қазақстандық прокуратураның мемлекеттің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы қызметін жоғары бағалай отырып, заңдылық пен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ортақ стратегиялық міндеттерге байланысты мүдделі ынтымақтастық мәселелерін жалғастыра беруге деген ықыласын білдірді.




Яндекс.Метрика