«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚР Ұлттық қорының қаржысы есебінен ҚР-да 2015 жылы 5,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ұлттық қор қаржысы есебінен ҚР-да 5 айдың ішінде 129,4 млрд теңгеге кәсіпкерлік субъектілерінің 500 жобасы мақұлданды, деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Казахстан24 Маусым , 10:08

Хабарламада аталып өткендей, ағымдағы жылы ҚР-ның Ұлттық қорынан шағын бизнес субъектілері мен қайта өңдеу өнідірісіндегі ірі кәсіпкерліктердің жобаларына жеңілдетілген несие ұсыну мақсатында қаржы бөлінуде. Қаржыландыруды қамтамасыз ететін операторлар ретінде «Даму»АҚ мен «Қазақстан даму банкі» АҚ мен екінші деңгейдегі банктер  белгіленді.

Барлық қаржыландыру көздерінен кәсіпкерлік субъектілерне қолдау көрсету аясында бөлінетін қаржы 2015-2017 жылдар аралғында 255 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде ҚР Ұлттық қорынан 2015 жылы 100 млрд теңге бөлінеді, қомақты қаржының 50 млрд теңгесі «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне бөлінеді, ал тағы 50 млрд теңгесі ҚДБ арқылы ірі кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге бағытталады.

«2015 жылдың 19 маусымындағы жағдай бойынша «Даму» қоры екінші деңгейлі банктер арқылы бөлінген 100 млрд теңгенің 81,9 млрд теңгесіне 437 жоба мақұлданып, олардың 328-і бойынша қаржыландыру басталды»,  делінген хабарламада.

«Егер біз «Даму» қоры бөлген қаржының сала бойынша бөлінуін қарастыратын болсақ жобалардың басым бөлігі тамақ өндірісі саласында. Сонымен, игерілген 51,4 млрд теңгенің 20,1 млрд теңгесі аталмыш салаға тиесілі»,  деп хабарлады «Бәйтерек» холдингі басқармасы төрағасының орынбасары  А. Алдамберген.

 «Жалпы, ҚР Ұлттық қорының қаржысы есебінен 2015 жылы 5,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде», - деді А. Алдамберген.




Яндекс.Метрика