Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: 5 жыл ішінде 100-ге жуық өндірістердің экспорт көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрады

Қазақстанның 100-ге жуық өндіріс ошақтары индустрияландыру картасының аясында өздерінің өнімдерін шет мемлекеттерге экспорттауда. 5 жыл ішінде аталған кәсіпорындардың өнімдерінің сомасы 1 млрд АҚШ долларын құрады.
Казахстан24 Маусым , 09:23

Қазақстан әлемдік экпорттаушылардың арасында 43-ші орында. Қазақстанның ішкі жалпы өнім көлеміндегі  экспорттың үлесі 37 пайыз. Қазақстан уран экспорты бойынша әлемде 1-орында тұр, сондай-ақ ұн экспорты бойынша 2-орында, мұнай экспорты бойынша 9-орында, арпа бойынша 10-орында тұр.   

Біздің еліміз әлемнің 119 мемлекетіне өнімдерін тасымалдайды. Оның ішінде ЕО- 57 пайыз, (44,4 млрд доллар), әлемнің өзге мемлекеттеріне - 18 пайыз (14,1 млрд доллар), Қытайға -13 пайыз (9,8 млрд доллар), КО - 7 пайыз (5,2 млрд доллар), ТМД-ның өзге мемлекеттеріне  - 6 пайыз (4,6 млрд доллар).

Шикізат экспорты негізінен алыс шет мемлекеттер мен Қытайға жөнелтіледі, өңделген өнімдер КО пен Орталық Азия, Кавказ, Иран, мен Ауғанстанға кетеді. Қазақстандың экспорт тауарларының тізімі 2008 жылғы 880-нен 2014 жылы 950-ге дейін артты.

Индустриялар және даму министрлігі өкілдерінің мәлімдеулерінше, ҮИИДМБ жүзеге асыру барысында шикізаттық емес экспорттың сапалық құрамы айтарлықтай артты.     

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика