Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

ДСҰ-ға кіру инвестициялық ахуалды жақсартып, Қазақстан заңына ашықтық береді – сарапшы

ДСҰ-ға кіру инвестициялық ахуалды жақсартып, Қазақстан заңына ашықтық береді, деді Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында Еуропалық құқық және адам құқығы институты мен сарапшылық институт директоры, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов.
Астана қаласы23 Маусым , 19:58

«Кез келген ел ДСҰ тәртіптері мен міндеттеріне сәйкес, заңнаманы ретке келтіреді. Ол Қазақстан заңнамасына ашықтық беріп, шынайылық сыйлайды. Кез келген инвестор, біздің елмен келісім орнатпас бұрын, Қазақстанның ДСҰ құрамында болатынын біледі. Ол осы тәртіптерге сүйенетін болады», - деді сарапшы.

М.Бәшімов айтып өткендей, Елбасы Қазақстан халқы алдындағы үндеуінде бұл ұзақ үдеріс екенін айтып өтті.

«19 жыл келісім жүргізу – бұл өте үлкен уақыт, енді келіссөздер аяқталды. Қазақстан осы жылдың желтоқсан айында ресми түрде ұйым құрамына енеді. Біздің ел одан сайын танымал болуда», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан өз қауіпсіздігі мен ұлттық басымдылықтарын сақтауға тырысты, себебі ДСҰ-ға барлық шекара ашық.

«Шетелдік кәсіпкерлер бізге келуде, біз шетелдік нарыққа шығамыз. Бұл тұтынушылар үшін өте үлкен олжа. Елбасы біз өз құқығымызды сақтап қалдық, біз ауыл шаруашлығына қайткен күнде де көмек береміз», - деді сарапшы.

М.Бәшімов айтып өткендей, қазақстандық кәсіпкерлердің басқа міндеті пайда болды – бәсекеге қабілетті болу және үздік тауарды өндіру.

Индира Кауметова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика