Мәдениетті жаңғырту

Елорда күніне орай «Астана Балет» екі премьера қояды (ФОТО)

«Астана Балет» Елорда күніне орай екі премьера қояды, «Кармен» мен «Клеопатра» бірактілі спектакльдері 24-25 маусымда «Астана Опера» театрында қойылады.
Астана қаласы 23 Маусым, 18:48

«Ертең біз үшін өте маңызды оқиға – екі премьера қойылады. Бір уақытта екі қойылымды қою оңай нәрсе емес. Бұл тек хореографиялық тұрғыда  аған емес, физикалық түрде оларды жеткізу, сезіну өте қиын»,  - деді «Кармен» балетінің қоюшы хореографы Мукарам Авахри.

Театр тұңғыш рет тарихи тұлға мен әдеби персонаж қатысатын қойылым қоймақ.

« «Астана балет» шығармашылық қарым-қатынасым бір жылдан  асты. Тұңғыш рет мен сәуір айында келдім. Менде бірактілі спектакль қою идеясы болды. «Клеопатра» менің ұсынуым бойынша болды, әйел персонажына кастинг өткізу оңай болды, біз «Клеопатраға» тоқтадық. Бұл «Астана балетке» қажет туынды деп шештік», - деді «Клеопатра» қоюшысы, құрметті қайраткер Николай Маркелов.

Айта кетерлігі, спектакльдердің премьерасы 1 күнде болады. Бас балеттің рөлін Риза Қанатқызы орындайды.

Анар Тәңірқұлова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика