Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі АЭА-ның одан әрі дамуына кедергі келтірмейді – сарапшы

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру бойынша негізгі келіссөздерді аяқтады. Бүгінгі таңда біз арнайы экономикалық аймақтардың одан ары дамуына кері әсерін тигізетін факторларды байқап отырған жоқпыз, деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров.
Астана қаласы23 Маусым , 18:17

«Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру бойынша негізгі келіссөздерді аяқтады. Бүгінгі таңда біз арнайы экономикалық аймақтардың одан ары дамуына кері әсерін тигізетін факторларды байқап отырған жоқпыз. Жасыратыны жоқ, Қазақстанның экономикасына, оның сыртқы экономикалық байланысына әсер ететін факторлар болуы мүмкін. Бұдан басқа, өзгеде интеграциялық процестерді атап өтуге болады. Одақ аясында кедендік жеңілдіктерді ұсыну бойынша шарттар өзгертіледі», - деді А.Айдаров.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 22-маусымында Женевада жұмыс тобының соңғы мәжілісі өтіп, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөздердің аяқталғандығы мәлім етілді. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуінде айтқанындай, бұл тарихи оқиға болып табылады.

«Қазақстан ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады. Әлемнің ең озық деген экономикалары Қазақстанның инвестициялық климаты тартымды ел деп, ал сауда саясаты халықаралық нормалардың талаптарына сай деп мойындады. ДСҰ-ға мүше болу - бүкіл Қазақстанның жеңісі, Қазақстанды жаһандық экономиканың ажырамас бөлігі деп мойындауы. Халықаралық ұйымның тура біздің 5 халықтық реформаны жүзеге асыру барысында есігін айқара ашқаны ерекше жағдай болды. ДСҰ стандарттары осы реформалармен ашықтық, тиімділік, бәсекеге қабілеттілік жағынан үйлеседі»,-деді Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі аяқталуына байланысты Қазақстан халқына арнаған үндеуінде. 

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика