Адами капитал

Шетел мемлекеттерінің 100-ден астам әскери қызметшісі Қазақстандағы «Дала қыраны» оқу-жаттығуына қатысуда (ФОТО)

Шетел мемлекеттерінің 100-ден астам әскери қызметшісі Қазақстандағы 13-ші рет өткізіліп жатқан «Дала қыраны» оқу-жаттығуына қатысуда.
Казахстан 24 Маусым, 09:08

ҚР Қарулы Күштерінде жыл сайын өткізілетін «Дала қыраны» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуы қазақстандық бітімгершілердің кәсібилігін арттыру және өзге елдердің әскери қызметшілерімен өзара қарым-қатынасты нығайтудағы маңызды іс-шара болып табылады, деп хабарлады ҚР ҚМ.

"Осы жылы оқу-жаттығуға Америка Құрама Штаттары, Біріккен Ұлыбритания Патшалығы және Солтүстік Ирландия, Түрік Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы, Франция Республикасы және Ауғанстан Ислам Республикасының өкілдері бақылаушылар ретінде қатысады", - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Алматы облысындағы «Іле» полигонында оқу-жаттығудың 2-кезеңі өтіп жатыр. Бригадалық командалық-штабтық оқу-жаттығу «Қазбригтің» басшылық етуімен көп ұлтты бригаданың штабына арналған оқу-жаттығудан тұрады және шетел мемлекеттері штабтық офицерлерінің қатысуымен бітімгершілік сценарий бойынша компьютерлерде өткізіледі. 25 маусымда белсенді фаза болатынын айта кеткен жөн. Онда БАҚ өкілдері командалық-штабтық жаттықтыруларды тамашалай алады. 

Еске сала кетсек, биылғы жылы ҚР Қарулы Күштерінде оқу-жаттығу он үшінші рет өткізілмек.  
 





Яндекс.Метрика