«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Астанада әйел кәсіпкерлер үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын түсіндіру семинары өтеді

Астанада 24-шілдеде қайта өңдеу өнеркәсібі саласында «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары» атты тақырыпта семинар өтеді. Шараны Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп ұйымдастырады.
Астана қаласы23 Маусым , 20:29

Хабарламада, Қазақстан Республикасында 2015-2019 жылдарды қамтитын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы қабылданғандығы айтылған. Бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті дамыту мен тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін арттыру қарастырылған. Бұл Қазақстанда әйелдер арасындағы кәсіпкерліктің дамуына серпін береді.   

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы толықтай Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына негізделген. Бұл бағдарлама еліміздің 2019 жылға дейінгі қарышты әрі жасампаз дамуына, елдің әрбір азаматының өмір сапасын арттыруға бағытталған. Жолдауда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігі айтылған»,-делінген «Даму» қорының хабарламасында.   

Бүгінде Қазақстанда әрбір екінші кәсіпкер әйел адам. Нәзік жандардың кәсіпкерлік саласында осыншама кең көлемде орын алуы «үнсіз төңікеріс» деп бағалануда. Қазіргі таңда қазақстандықтар жалданып жұмыс істеу немесе өз ісіңді ашу мүмкіндіктерін өздері таңдайды. Ал, әйелдер көбіне екінші бағытты таңдайды.   

Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Олардың қатарында «Бизнестің жол картасы -2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламалары мен ауыл шаруашылығы саласы бойынша кәсіпкерлікті соның ішінде әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы қолдаулар бар.  Бүгінгі таңда 52 қазақстандық кәсіпкер бизнесті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда.  

Бүгінгі семинар жұмысына кәсіпкер-әйелдер, жеңілдікпен несие беру бағдарламасының өкілдері, сонымен қатар ісін енді бастағалы жүрген азаматтар қатыспақ.

 

  

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика