«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2015 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасына 100,8 млрд теңге жұмсалады

2015-2019 жылдар аралығында «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында индустриалды, көлік-логистикалық инфрақұрылымды 2015 жылдың соңына дейін дамытуға 100,8 млрд теңге жұмсалатын болады, деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі, қаржы директоры Нұрлан Рахметов, Астанда өткен «Нұр Отан» партиясы фракциясының Ұлттық қордан «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалатын бюджет қаржысының қалыптасуы мен оны тиімді шығындалуын бақылау жөніндегі комиссиясының отырысында.
Астана қаласы23 Маусым , 16:56

«2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетте «Нұрлы жол» бағдарламасының 2015-2019 жылдарғы мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында қорлар тобы үшін индустриялды, көлік-логистикалық инфрақұрылым үшін 176,2 млрд теңге қарастырылған. Соның ішінде 2014 жылға 49 млрд, 2015 жылға 100,8 млрд, 2016 жылға 26,4 млрд теңге қарастырылған»,-деді Н.Рахметов.  

Аталған қаржы «Қорғас – Шығыс қақпасы», «Ұлттық индустриялды мұнайхимиялық технопарк» арнайы экономикалық аймақтары мен Алматы-1 – Шу темір жол телімінің екінші қатарын электрификациялау мен Құрық ауылындағы паромды өткелі құрылысы жобаларына жұмсалатын болады.        

Директордың сөзінше, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы жобасы бойынша, 2015 жылдың соңына дейін 24,5 млрд теңгені игеру жоспарланып отыр.  

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылысының инфрақұрылымына 37 млрд теңге бағытталып, оның 24,5 млрд теңгесі 2014 жылдың желтоқсанында алынған. 2015 жылдың бірінші жартысына дейін қаржы толығымен игеріледі. Қалған 12,5 млрд теңге қор тарапынан республикалық бюджеттен ағымдағы жылдың екінші жартысында жіберіледі»,-деді ол.

«Ұлттық индустриялды мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағы бойынша 24,5 млрд теңгенің жұмыстары атқарылған.  

«Ұлттық индустриялды мұнайхимиялық технопарк» арнайы экономикалық аймағының газды-турбиналы электрстансасы инфрақұрылымының нысандарына 93 млрд теңге бөлініп, оның 24,5 млрды 2014 жылдың желтоқсанында алынды. Қаржы жылдың соңына дейін толығымен игеріледі. 50,2 млрд теңге қор тарапынан 2015 жылдың сәуір айында алынған. Қалған 18,3 млрд теңге республикалық бджеттен қорға 2015 жылдың екінші жартысында жолданады»,-деп қосты ол.  

«Алматы-1 – Шу темір жол телімінің екінші қатарын электрификациялау жұмысына 27,7 млрд теңге жұмсалады, оның ішінде 8,3 млрд теңге 2015 жылы алынып жұмсалады. 2016 жылы 19,4 млрд теңге бөлінеді. Төртінші  Құрық ауылындағы паромды өткелге 11,8 млрд теңе жұмсалды.  4,8 млрд теңге 2015 жылы алынып жұмсалады. 2016 жылға 7 млрд теңге қарастырылған»,-деп қорытды директор.    

Анар Тәңірқұлова

  

 




Яндекс.Метрика