Өңірлер

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 5 431 адам жұмыспен қамтылды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 5 431 адам жұмыспен қамтылды, деп облыс әкімдігі облыстың әлеуметтік бағдарламалар мен қызметті үйлестіру басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Маңғыстау24 Маусым , 08:37

«Жыл басынан бері 12 маусымға дейін жұмыспен қамту органдары 5 431 адамды жұмыспен қамтыды. 1734 жұмыссыз тұрақты жұмыс орнына орналасты, 251 адам жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасты. Сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, кәсіпкерлік міндеттері мен шетелдік жұмыс күшін тарту аясында жұмыс орындары ашылды», - делінген хабарламада.

848 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. 768 кәсіптік және техникалық мекеме түлегі жастар тәжірибесі аясында жұмысқа орналасты. 1829 жұмыссыз қоғамдық  жұмыс орындарына бағытталды.

«Егер де аудан төңірегінде қарайтын болсақ, Ақтауда 967 адам, Жаңаөзенде – 1472 адам, Мұнайлы ауданында – 663 адам, Қарақия ауданында – 504 адам, Бейнеу  ауданында – 1060 адам, Маңғыстау ауданында  - 366 адам, Түпқарағай ауданында – 399 адам жұмыспен қамтылды», - делінген хабарламада.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика