ҚР ИИДМБ

ҰИМТ АЭА мұнайгаз саласына шетелдік инвестицияларды тартуға бейімделген

«Ұлттық индустриалды мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағы мұнайгаз саласына шетелдік инвестицияларды тарту үшін құрылды, деп хабарлады «ҰИМХТП» арайы экономикалық аймақты басқарушы компания» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сыдықов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы23 Маусым , 16:36

«ИИДМБ аясында ҚР-да мұнайгаз саласының ұлттық кластерін қалыптастыру көзделген. 2007 жылы 25 жылға «Ұлттық индустриалды мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды, ол мұнайгаз саласына шетелдік инвестицияларды тартатын болады»,  деді Н. Сыдықов.

Оның айтуынша, «Біріккен химия компаниясы»ЖШС бірінші кезекте жүзеге асыратын инвестициялық жобалар анықталды.

«Ол мұнайхимия кластерінің негізін қалауға арналған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компаниясы. 2019 жылы іске қосылатын қуатылығы 500 мың тоннаны құрайтын полипропилен зауыты, қуаттылығы 800 мың тонна полиэтилен өндірісі. Аталмыш жоба оңтүстік кореялық компания «LG Chemical» жүзеге асырылуда, ол 2019 жылы іске қосылады. Кәсіпорын жылына 250 мың тонна бутадиен өндіретін болады»,  деп толықтырды Н. Сыдықов.

Ол атап өткендей, ҚР Үкіметімен аталмыш жобалар ұзақмерзім негізінде шикізатпен қамтамасыз етіледі.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика