ҚР ИИДМБ

«Нұрлы жол» аясында екі ЕЭА инфрақұрылымына қосымша 81 млрд теңге бағытталды

2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында екі ЕЭА – «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Ұлттық индустриялды мұнай химия технопаркі» инфрақұрылымына қосымша 81 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады KAZNEX INVEST АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Маусым , 16:04

«Әрі қарай ЕЭА бағыты бойынша жұмысты жалғастыруда инфрақұрылымды аяқтау қарастырылуда. Қазіргі таңда  үш ЕЭА инфрақұрылымы – «Сарыарқа», «Оңтүстік», «Бурабай». Бес ЕЭА 2015-2016 жылдары аяқталады – «Қорғас», «ПИТ», «Астана», «Ақтау теңіз порты», «Тараз Химпаркі»», - деді А.Айдаров.

Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары барлық ЕЭА инфрақұрылым толығымен аяқталды.

«2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында екі ЕЭА  - «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Ұлттық индустриялды мұнай химия  технопаркі» инфрақұрылымына қосымша 81 млрд теңге бағытталды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика