ҚР ИИДМБ

Арнайы экономикалық аймақтардағы өндіріс көлемі 4 есе артты- Айдаров

Бүгінде еліміз бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, деп мәлімдеді «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмаз Айдаров ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы23 Маусым , 15:41

«ҮИИДМБ аясында Қазақстанда 4 арнайы экономикалық аймақ құрылды. Олар «Сарыарқа»,  «Павлодар», «Тараз химиялық паркі» мен «АЭА - Хоргос Шығыс қақпасы». Бүгінде еліміз бойынша 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА бірінші бесжылдық аясында айтарлықтай қаржыландыруға ие болды. Бірінші бесжылдықтың арқасында АЭА инфрақұрылымдары өткен 9 жылға қарағанда екі есе көп инвестиция алды. Жобаларға 336 млрд теңге инвестицияланды, бұл өткен 9 жылдың көрсеткішінен 7 есе артық», - деді  А.Айдаров.

Оның айтуынша, өндіріс көлемі 4 есе өсіп, 678 млрд теңгеге жетті.

«Жалпы, АЭА дамуы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде 126 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 111-і 50%-дан жоғары жобалық қуаттылығына шықты. Бұдан басқа 94 жоба 10 АЭА-да жүзеге асырылу барысында», - деді ол.

А.Айдаров баса айтқандай, жақын арада жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 50 жобаны іске қосу күтілуде, өз кезегінде олар 17 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика