Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Қазақстанда сирек металдан жасалған монеталар шығарылды

2013 жылғы 18 қазаннан бастап «Ғарыш» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік, «рroоf» сапасымен биколорлы жəне номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған екі «ХҒС» ескерткіш монетасын айналысқа шығарды, деп Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан18 Қазан , 14:00

« «Ғарыш» монеталар сериясынан «ХҒС» биколорлы (құрамдас) монетасы шеңбер пішіндес, біріне бірі орналасқан сақинадан жəне дискіден тұрады. Монетаның  ішкі дискі танталдан, сыртқы сақина күмістен жасалған. «Рroof» сапалы биколорлы монетадағы бейне жылтыр бетке орналастырылған», - деп хабарламада нақтыланған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған «ХҒС» ескерткіш монетасы шеңбер пішіндес. Ескерткіш монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында «50 ТЕҢГЕ» деген монетаның номиналы бар.

 «Ғарыш» сериясынан «ХҒС» ескерткіш монеталары ғарышты зерттеу жəне жаһанның тылсым құпияларын ашу тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған серияны жалғастыратын күмістен/танталдан жасалған монеталардың жəне нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың сегізінші жұбы болып табылады.




Яндекс.Метрика