Адамзаттық капитал

Ақмола гарнизоны бойынша ҚК мерзімді әскери қызметшілері әскери полиция сапында (Фото)

Жаңадан шақырылған сарбаздар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын толықтыруды жалғастыруда, деп хабарлады ведомство.
Ақмола 23 Маусым, 19:52

Жақында ғана Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полициясы жасағында салтанатты түрде «Көктем-2015» шақырылымы жас толықтыруының әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Отанымызды қорғайтын жаңадан шақырылған 35 сарбаз өзінің отаны мен Президентіне адал болуға серт берді.

«Әскери полиция жасағының сарбаздары Ақмола гарнизонындағы, сондай-ақ республикамыздағы әскери полиция органдарының бірден-бір мерзімді әскери қызметшілері. Жас жауынгер курсын өткеннен кейін жас сарбаздар саптық даярлықты, өзінің қаруын қолмен мықты ұстай білуге үйренді және әскери қызмет өткеру үшін қажетті бастапқы дағдыны шыңдады», - делінген хабарламада.  

Іс-шарада жасақтың жедел ден қою бөлімі арнайы мақсаттағы топтың өнер көрсетуі дәстүрге айналған. Олар әскери қызметшілер мен меймандарға қарусыз және қаруды қолдана отырып, қоян-қолтық ұрыстың амалдарын көрсетті.

Осы арнайы бөлімшенің жауынгерлері қиындықсыз тақтайларды сындырады, жанып жатқан шифердің арасымен өтіп, оларға суық және атыс қаруы қолданылған жағдайда жеңіл қорғалады. Туған-туысқандары мен жақындары үшін қысқа мерзім ішінде қарумен саптық даярлықтың күрделі айла-тәсілдерін меңгерген жаңадан шақырылған сарбаздардың көрсеткен өнері тосынсый болды.  

 





Яндекс.Метрика