EXPO-2017

Қазақстанда Болашақ энергиясы форумы шеңберінде Шағын ЭКСПО көрмесі өтуде

Қазақстанда Болашақ энергиясы форумы шеңберінде Шағын ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Маусым , 15:17

«Осындай байқау (Online Expo-2017 - автор) ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін  жыл сайын өткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары өтетін Болашақ энергиясы форумы шеңберінде Шағын ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр»,  делінген хабарламада. 

Байқау жасыл технологияның бес номинациясы бойынша өтеді: жаңартылған және баламалы энергия көздері, энерготиімділік пен ресурстарды үнемдеу, дәстүрлі энергетикадағы жасыл технологиялар, жасыл химия, қалдықтарды қайта өңдеу, агросектор мен су ресурстары.

Бүгінгі таңда байқау сайтына 3 мыңнан астам қолданушы тіркелді. Жеті ай жұмысы ішінде сайт Қазақстанның жиі қолданушылар кіретін сайттарының біріне айналды.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдың 15 қаңтарында құрылды. Көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аз емес халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ 5 миллионға жуық рет келеді деп күтілуде.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика