Энергетикалық құрылғылары мен темір жол көлігі саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын француздардың ірі машинақұрылысы компаниясы Қазақстанда 2013 жылы алғаш рет KZ8A и KZ4A электровоздар өндірісін жолға қойды. Зауыт жылына 35 электровозды құрауға қауқарлы. Бүгінгі таңда онда 270 жұмыс орны құрылған.
Бұған қоса, 2014 жылы Р80 электрлі қозғалыс реттеу құралдарын шығару ісін жолға қойды. Бүгінгі таңда аталмыш құрылғылар шығаратын зауытта 45 жаңа жұмыс орындары құрылған.